Жол қозғалысы ережелерінің, бағдаршам сигналдарының, белгілер мен таңбалардың оларға қатысты талаптарын білу және сақтау, сондай-ақ реттеушілердің өкімдерін орындау.
Біздің елімізде көлік құралдарының оң жақты қозғалысы орнатылғанын есте сақтаңыз.
Жол жабынын зақымдауға немесе ластауға.
Жол белгілерін, бағдаршамдарды және қозғалысты ұйымдастырудың басқа да техникалық
құралдарын алып тастау, қоршау, бүлдіру, өз еркімен орнату.
Жолда қозғалысқа кедергі келтіретін заттарды қалдыруға.
Жарқылдайтын көк маягі және дыбыс сигналы іске қосылған көлік құралдары жақындаған кезде, тіпті бағдаршамның жасыл сигналы кезінде де жаяу жүргіншілер үшін жолдың жүру бөлігінен өтпей тұрып, осы көлік құралдарына жүру бөлігін беру қажет.
Велосипед пен мопедті қауіпсіз жүргізу ережелері
Велосипед пен мопед көлік құралдарына жатады. Жолда жүру кезінде велосипедті басқаруға жасы 14-тен кем емес, мопедті 16-дан кем емес адамдарға рұқсат етіледі.
Велосипед және мопед жүргізушілеріне рұқсат етіледі
1.Тек қана жолдың шеткі оң жақ жүріс бөлігі бойынша мүмкіндігінше оң жаққа бір қатарға қозғалу керек.
2. Егер бұл жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмесе, жол жиегімен жүруге жол беріледі.
3. Сол жақ бұрылысты немесе кері бұрылысты тек осы бағытта жүруге арналған бір жолағы бар және трамвай қозғалысы жоқ жолдарда орындау керек.
Велосипед және мопед жүргізушілеріне тыйым салынады
1.. Рөлді бос жіберіп айдау.
2.. 7 жасқа дейінгі баладан басқа жолаушыларды сенімді басқыштармен жабдықталған қосымша орындықта тасымалдауға.
3.. Велосипедтің өлшемдерінен ұзындығы немесе ені бойынша 0,5 м-ден асатын немесе оны басқаруға кедергі келтіретін жүкті тасымалдау.
4.. Жанында велосипед жолы болған кезде жолдың жүру бөлігімен жүруге.
Велосипедтердің техникалық жай-күйі мен жабдығына қойылатын талаптар: